• Главная
  • Маңғыстаулық ардагерлер мен жастар волейболдан ашық турнирге қатысты
16:16, 11 марта 2018 г.

Маңғыстаулық ардагерлер мен жастар волейболдан ашық турнирге қатысты

фото организаторов

фото организаторов

Бүгін "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде "Амал" мерекесіне орай және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында волейболдан ардагерлер мен жастар арасында Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы үшін республикалық ашық турнир өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Батыстың амалы – татулықтың қамалы" тақырыбымен өткен іс-шараға жастар мен ардагерлерден құралған 18 топ (200-ге жуық адам) қатысты. "Елбасы Қазақстан Халқына Жолдауында 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 30 %-ның бұқаралық спортпен айналысуы қажеттігін айтып және осы нәтижеге жету жолында спортқа жоғары дәрежеде көңіл бөлуде. Спорттық ойындар бүгінде елдер мен халықтар арасындағы достықтың алтын арқауына айналды. Маңғыстау өңірінде жалауын көтерген волейболдан ардагерлер мен жастар арасындағы республикалық ашық турнирі жастарға рух беріп, біздерді бұдан да жақынырақ табыстыратындығына сенімдімін!", - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. 

Турнирдің мақсаты – Елбасы жолдауындағы "Дені сау ұлт" бағытын қолдау, салауатты өмір салтын және еліміздің басқа да аймақтарына татулық пен мейірімділік, көрісу дәстүрін дәріптейтін "Амал" мерекесін насихаттау, халықты бұқаралық спортқа тарту.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#мерейтойнаурызамал
Объявления
live comments feed...