Құрметті, БАҚ өкілдері!

Қазіргі таңда Н.Жантөрин атындағы музыкалық – драмалық театрының шығармашылық труппасы жаңа қойылым – Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің желісі бойынша «Шыңырау» драмасымен өзінің кезекті XIV - ші маусымын ашқалы отыр. 
Осыған орай, премьераға дайындық барысын көрсете отырып, 02.09.2016 ж. күні сағат 10.00-де театрдың кіші залында баспасөз конференциясын өткізетінімізді хабарлаймыз.
Премьераның қоюшы режиссері - Ресейден арнайы шақыртылған театр және кино режиссері, "Алтын бетперде" театр сыйлығының лауреаты, Саха Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері С.С.Потапов - БЫЙАМАН уола СЭРГЭ ОБОКУУН.
Егер, Сіздерді қаламы қарымды және сенцасиялық ақпараттарды назардан тыс қалдырмайтын БАҚ өкілі ретінде, автордың пьесаны жазудағы қоғамдық көзқарасы немесе осы туындыны сахналау арқылы режиссердің айтайын деген ойы қызықтыратын болса, баспасөз конференциясының құрметті қонағы болуға шақырамыз.

Ізгі құрметпен,
Театр әкімшілігі