Ақтау қаласы білім бөлімінің мамандары жекеменшік балабақшалардағы бос орындар туралы мәлімдеме жасады

фото из сети Интернет

Бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы 825 бала, 0-ден 6 жасқа дейінгі 14 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр. Жақын арада Ақтау қаласы әкімдігі 3 пен 6 жасқа дейінгі балалар үшін бос орындары бар балабақшалардың тізімін жариялаған болатын. Балаларын мемлекеттік балабақшаға бергісі келетін ата-аналар тізімде жекеменшік балабақшалардың тізімі жария етілгенін айтып наразылықтарын білдірді. Осы жағдайдан кейін Ақтау қалалық білім бөлімінің мамандары түсініктеме берді, деп хабарлайды ИнАктау.

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Түлебаеваның айтуынша, тізімдегі жекеменшік балабақшалар мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді, яғни төлемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан төленсе, 50 пайызы ата-аналардың өздері төлейтін болады. Жекеменшік деген аты болмаса, мұнда да төлем мемлекеттік балабақшалардағыдай төленеді.

"Егер ата-аналар балаларына жекеменшік балабақшада жүзу бассейні тағы да басқа қосымша қызмет керек болса, онда олар балабақшамен келісім жасауларына болады. Сонымен қатар, ата-аналар мұндай қызметтерден бас тарта да алады. Айта кету керек, тізімде мемлекеттік балабақшадан басқа, жекеменшік балабақшалар да бар. Кезекте тұрған кез-келген 825 бала балабақшаға баруларына болады. Ата-аналардың өтініші бойынша біз оларды мемлекеттік балабақшаларға орналастырып, оларды бұрын тұрған жерінен алып тастаймыз", - деді Светлана Думбаевна.

Бүгінде мемлекеттік балабақшаларда азық-түліктің бір күндік құны 591 теңге, мұны 20 күнге көбейткенде - айына 12411 теңге төлейді екен.

"Егер бала ауырып, балабақшаға келмесе, баланың келмеген күніне ақша алынбайды. Бірақ ата-аналар баланың балабақшаға келмей қалған күндерін есепке ала отырып, ауруханадан анықтама алып келулері керек",- деді маман.

Бөлім басшысы ата-аналардың жиі қоятын сұрақтарының бірі: – "балабақшаларда ай сайын бос орындар қайдан шыға береді?" деген сұрағына жауап берді.

"Төрт жасқа толған бала жоғары топқа жіберіледі. Мәселен, әскери отбасылар көшіп кетеді, демек балабақшада орын босайды деген сөз", - деді маман.

Қалалық білім бөліміне әр айдың бесіне дейін балабақшалар бос орындардың тізімін тапсырады, содан кейін ғана тізім әкімдіктің ресми сайтында жарияланады. Өткен жылы балабақшаларға 13 591 бала орналастырылды.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі бойынша қаладағы төрт балабақша ғимараты және Мұнайлы ауданында тағы бір балабақша ғимараты мемлекетке қайтарылған болатын. Олар: 27 шағынаудандағы (бұрынғы экономикалық сот), 13 шағынаудандағы (бұрынғы Маңғыстау облысының білім басқармасы), 14 шағынаудандағы (бұрынғы балабар үйі) және 6 шағынаудандағы (бұрынғы девианттық мінез-құлықтары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты).

Бос орындары бар балабақшалар тізімін мына жерден көруге болады.

Актуальность
(0 оценок)
Изложение
(0 оценок)
Раскрытие темы
(0 оценок)

Отзывы и комментарии

Написать отзыв
Написать комментарий

Отзыв - это мнение или оценка людей, которые хотят передать опыт или впечатления другим пользователями нашего сайта с обязательной аргументацией оставленного отзыва.
 
Ваш отзыв поможет многим принять правильное решение

. Пожалуйста, используйте форму отзывов для оценок и рецензий, для вопросов и обсуждений - используйте форму комментариев, а не отзывов

Не допускается: использование ненормативной лексики, угроз или оскорблений; непосредственное сравнение с другими конкурирующими компаниями; безосновательные заявления, оскорбляющие деятельность компании и/или ее услуги; размещение ссылок на сторонние интернет-ресурсы; реклама и самореклама.

Введите email:
Ваш e-mail не будет показываться на сайте
или Авторизуйтесь , для написания отзыва
Актуальность
0/12
Изложение
0/12
Раскрытие темы
0/12
Отзыв:
Загрузить фото:
Выбрать

Комментарии предназначены для общения, обсуждения и выяснения интересующих вопросов. Для оценок и рецензии используйте форму отзывов

Ответственный за раздел
Алия Шарипова
Журналисты сайта InAktau.kz к вашим услугам.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Актау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!

Редактор - InAktau.kz:
Skype: news.inaktau
E-mail: news@inaktau.kz