• Главная
  • Маңғыстау облысында үш ауысымды оқытудың алдын алу үшін жаңа мектеп бой көтереді
14:34, 12 февраля 2018 г.

Маңғыстау облысында үш ауысымды оқытудың алдын алу үшін жаңа мектеп бой көтереді

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Биыл Маңғыстау облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жоба Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылында жүзеге асады. Бұл туралы Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау.

Аудан әкімінің айтуынша, бұл жоба үш ауысымды оқытудың алдын алу мақсатында жоспарланған. Жаңа мектеп осы жылдың аяғына дейін қолданысқа беріледі. Осындай жоба Ақшұқыр ауылы бойынша да жасақталып, қаржыландыруға ұсынылып отыр.

"2017 жылы Ақшұқыр ауылынан 140 орындық, Сайын Шапағатов ауылынан 75 және Таушық ауылынан 100 орындық жеке балабақшалар өз жұмыстарын бастады.Сонымен қатар, бекітілген мектепке дейінгі біліммен қамту аудандық қадамдық жоспарға сәйкес, жеке қаражатқа Таушық ауылынан 100 орындық балабақша, Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарынан 140 орындық 2 балабақша құрылысын мемлекеттік- жекешілік әріптестік арқылы іске асыру жоспарда бар", -деді әкім.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#есепберу #жаңамектеп #пайдалануғаберу #үшауысымдыоқыту
Объявления
live comments feed...