• Главная
  • Қазақстанда 2021 жылдан бастап төлқұжат латын қарпімен беріледі
15:00, 13 февраля 2018 г.

Қазақстанда 2021 жылдан бастап төлқұжат латын қарпімен беріледі

фото из сети интернет

фото из сети интернет

Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қазақ әліпбиін латын қарпіне аударуға дайындалған жоспар туралы баяндады, деп Zakon.kz сайтына с ілтеме жасап ИнАктау хабарлайды.

"Қазақ әліпбиін латын жазуына аудару жоспары дайындалды. Латын графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленеді", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2021-2023 жылдары латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарды беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, орталықтардың оқытушылары мен ересек халықты үйрету үшін семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастырылады.

"Үшінші кезең 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын кезеңменен көшіру жоспарланған. Министрлік жанында жұмысты үйлестіру мақсатында "Тіл қазына" орталығы құрылуда", - деп түйіндеді Ерлан Қожағапанов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#латынәліпбиі #төлқұжатлатын #құжаткөшіру #жазуынакөшу
Объявления
live comments feed...