• Главная
  • Жаңаөзен мен Мұнайлы ауданын су басу қауіпі бар
15:00, 20 февраля 2018 г.

Жаңаөзен мен Мұнайлы ауданын су басу қауіпі бар

фото из открытых источников

фото из открытых источников

Маңғыстау облысы аумағында нөсер жаңбырдың салдарынан Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының елді мекендерін су басу қауіпі бар. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында айтылды.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаевтың айтуынша, облыста төтенше жағдайдың алдын алу және оның салдарын жою үшін арнайы шаралар жүзеге асырылып, күш-құрал тобтары жасақталған. Оған 924 жеке құрам және 308 техника, 10 жүзу қайығы, 42 су сорғыш құралдар дайын. Сонымен қатар, 7 шұғыл ден қою жасақтарының 575 жеке құрамы және 112 техникалары жұмылдырылатын болады.

"Облыс аумағында нөсер жаңбырдың салдарынан Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының елді мекендерін су басу қауіп-қатері орын алып отыр. Осы жағдайды негізге ала отырып Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының дренаждық жүйелері құрылысын салуға 2 жоба еңгізілді. Құрылыстың жалпы қаражаты 2,048621 млрд. теңге құрайды", - деді Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев.

Атамекен, Басқұдық ауылдық округтеріне жер асты суларымен жауын суларын ауыл сыртына шығару үшін дренаж жүйесін және нөсерлі канализациясын салуға ЖСҚ-сы жасақталған. Жобаның жалпы құны 1, 443 млн.теңге. 2018 жылығы нақтылау кезінде қаржы қарау үшін Қаржы министрлігіне ұсыныс беріліп отыр.

"Жаңаөзен қаласына қарасты Бостандық, Рахат, Жұлдыз, Ақсу, Мерей ауылдық округтеріне дренаж жүйесі құрлысын салуға ЖСҚ-сы жасақталған болатын. Жобаның жалпы құны 605,0 млн. теңге. Қаржы «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша сұралуда", - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.

2017 жылы Ақтау қаласына дренаждық жүйе құрылысын салуға қала әкімдігінен 45 млн. 835 мың тенге бөлінді. Қаладағы жаңбыр су жиналатын 12 учаскенің, қазіргі таңда 10 участкесінің құрылыс жұмыстары аяқталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#сутасқыны #дайындық #ауыл
Объявления
live comments feed...