• Главная
  • Қазақстан мұғалімдеріне пайызсыз несие беру мәселесін пысықтау керек
12:17, 21 февраля 2018 г.

Қазақстан мұғалімдеріне пайызсыз несие беру мәселесін пысықтау керек

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Бұл туралы Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және "Нұр Отан" партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында депутат Жанат Омарбекова айтты, деп хабарлайды ИнАктау ҚазАқпарат порталына с ілтеме жасап.

Мұғалім болғысы келмейтіндер педагог мамандықтарға оқуға түсуде - депутат Қазақстанда мектептер мен ата-аналар арасында шарт бекітіледі.

"Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мұғалімдерге пайызсыз несиелер беріледі. Жергілікті жерлерде педагогтардың тұрақты жұмыс істеуі мәселесін үнемі талқылаймыз. Осы ретте әлеуметтік жеңілдіктер, еңбекақы, баспана беру тақырыптарын қарастырудамыз, алайда бұл мәселелер толық шешімін таппай келеді. Егер де халықаралық тәжірибені назарға алсақ, кейбір елдерде пайызсыз несиелер беріледі. Егер адам жұмысынан кетсе, онда ол пайызсыз жеңілдіктерін жоғалтады. Яғни, кейіннен қарызы бойынша пайызын төлей бастады. Менің ойымша, осы бағытты пысықтаған дұрыс болады", - деді Жанат Омарбекова.

Бұдан бөлек, жиын кезінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысын көтеру мәселесіне тоқталды.

"Балабақша тәрбиешілерінің мәселесі өте маңызды. Әрине, 30-40 мың теңгеге жалақығы балабақшаға жақсы білімді әрі білікті маманды тарту оңай емес. Сондықтан бұл тақырып біз үшін қиын мәселенің бірі. Осы орайда тиісті органдарға ұсыныс енгізу арқылы бұл проблеманы қарастырып жатырмыз", - деді Асхат Аймағамбетов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#педагог #пайызсыз #несие
Объявления
live comments feed...