• Главная
  • Маңғыстауда жол жөндеуге бес миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді
19:00, 21 февраля 2018 г.

Маңғыстауда жол жөндеуге бес миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

фото: ИнАктау

фото: ИнАктау

Маңғыстаудағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың тоқсан пайыздан астамы қанағаттандырарлық жағдайда. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов халыққа есеп беру кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды ИнАктау.  

Облыс әкімінің айтуынша, транспорттық инфрақұрылымның дамуына "Нұрлы жол" бағдарламасы оң серпін беріп отыр. Бағдарлама бойынша Маңғыстау облысында жаңа көліктік-логистикалық жүйе құрылды.

"Бейнеу-Шетпе", "Шетпе-Жетібай-Ақтау" автомобиль жолдарының құрылысы аяқталады. "Құрық-порт Құрық", "Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы", "Жетібай-Жаңаөзен", "Ата жолы" жолдарының құрылысы жалғасады. Болашақта "Жаңаөзен – Кендірлі – Түркменстан шекарасы" және "Құрық-Жетібай" жолдарын салу жоспарланып отыр", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл сайын бюджеттен 150 миллиард теңге бөлініп отырады. Бөлінген қаржы ең алдымен жергілікті магистральдар желісін жөндеуге және қайта жаңартуға бағытталады. Осы мақсатқа биыл бюджеттен 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жолдар #транспорт #инфрақұрылым
Объявления
live comments feed...