• Главная
  • Мұнайлыда биыл жүз елу орындық жаңа аурухана салынады
11:23, 22 февраля 2018 г.

Мұнайлыда биыл жүз елу орындық жаңа аурухана салынады

фото из сети интернет

фото из сети интернет

Облыста халық өсімі ең жоғары саналатын Мұнайлы ауданында әйелдер босанатын бөлім жоқ. Сондай-ақ ауданда білікті дәрігерлер де тапшы. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың халыққа есеп беру кездесуіне келген Мұнайлы ауылының тұрғыны айтты, деп хабарлайды ИнАктау.

Аурухананың жұмыс істеп келе жатқанына жарты ғасыр болса да, бүгінгі күнге дейін хирургия, травматология, жұқпалы ауруларға арналған бөлімдері мен әйелдер босатантын бөлім жоқ.

"Ауданда 150 мың халыққа қызмет етіп тұрған 1967 жылы салынған 45 төсектік аурухана бар. Олардың 15-і балаларға арналған. Біздің аудан туу көрсеткіші жағынан бірінші орында тұр. Ауданға аурухана қашан салынады?", - деді Мұнайлы ауданының тұрғыны Гүлжанат Қонысбаева.

Табиғи өсім бойынша көш бастап тұрған Мұнайлы ауданында биыл 150 кереуетке арналған жаңа аурухананың құрылысы басталатын болды. "Жобасы дайындалып жатыр", - деді әкім.

Мұнайлы ауруханасының бөлім меңгерушісі Шолпан Абдулаеваның айтуынша, ауруханаға қыс мезгілінде 15 балаға арналған орынға 30 балаға дейін жатқызуға тура келеді.

"Сонынмен қатар, ауданда білікті дәрігерлер қажет. Хирург, травматолог, инфекционист, балалар кардиологы, балалар невропатологы тапшы",- деді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#аурухана #дәрігерлер #тапшы
Объявления
live comments feed...