• Главная
  • Маңғыстауда коммуналдық сауда орындары ашылады
14:20, 22 февраля 2018 г.

Маңғыстауда коммуналдық сауда орындары ашылады

фото: из сети Интернет

фото: из сети Интернет

Ақтау қаласына кіреберіс жерінен коммуналдық сауда орыны ашылады. Бұл ауыл халқының базарға келіп, ет, сүт сияқты ауылшаруашылығы өнімдерін ешқандай делдалсыз өткізуіне үлкен мүмкіндік болмақ. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде мəлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау.

Облыс басшысы, азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау үшін жөн-жосықсыз делдалдыққа жол берілмеу қажет екенін айтты. Бұл мәселені шешудің бір жолы - коммуналдық бараз ашу деді.

"Қызан мен Ақшымырау ауылдарына халықпен кездесуге барғанымызда ауыл адамдары осы екі ауыл арасындағы 36 шақырым жол мәселесін айтты. Соның өзі ет бағасындағы айырмашылыққа әкеліп отыр. Ақтау қаласында бүгінде еттің құны 1500 теңге болса, Ақшымырау мен Қызанның азаматтары әрі кеткенде 900 теңгеге өткізе алады. Ал Маңғыстау ауданының өзінде еттің келісін 1300-1400 теңгеден беруге мүмкіндік бар" , - деді əкім.

Облыс əкімінің айтуынша, бүгінде Ақтау қаласына кіреберіс жерінен коммуналдық базар ашу жоспарлануда. Ол үшін арнайы жер бөлініп қойылған. Яғни, ауыл азаматтары базарға келіп, ауылшаруашылығы өнімдерін ешқандай делдалсыз өткізе алады.

Сонымен қатар, делдалдықты жою мақсатында өлкедегі аудандар мен Жаңаөзен қаласында да әрбір тауар өндірушінің өз тауарын өтікізу үшін коммуналдық сауда орындары н аш у жоспарлануда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#коммуналдық #базар #ауылшаруашылығы #өнімдер
Объявления
live comments feed...