• Главная
  • Ақтауда 4250 тонна көкөніс сақтайтын қойма салынбақ
14:01, 23 февраля 2018 г.

Ақтауда 4250 тонна көкөніс сақтайтын қойма салынбақ

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Маңғыстауда ауылшаруашылығы өнімдерін өсіріп және оларды сақтайтын жылыжайлар салу жоспарлануда. Бұл - ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға үлкен септігін тигізеді , деп хабарлайды ИнАктау.

Маңғыстау облысында бұл бағытта жұмыс қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы облыста 12 жылыжай болса, биыл жылыжайлардың саны 27-ге жеткен.

"Маңғыстаудың табиғаты ауылшаруашылығын дамытуға қолайсыз деп жатады. Менің ойымша бұл қате пікір. Биыл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы Ақтау қалсында 4250 тонна көкөніс сақтайтын қойма салынады. Қарақия ауданындағы Сенек ауылында, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында, Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында 2000 тоннадан көкөсініс өсіретін үш жылыжай салынады. Бұлардың барлығы тамшылатып суару технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл -ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға үлкен септігін тигізеді",-деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде өзімізді өзіміз қамтамасыз ету деңгейі – 10 пайыз. Қалған тұтынып отырған 90 пайыз тауар Әзірбайжан, Өзбекстан, Иран мемлекеттерінен тасымалданады.

"Жаңадан салынған жылыжайларды енгізу арқылы біз 20 пайыз өз өзімізді ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудеміз",- деді облыс әкімі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ауылшаруашылық #жылыжай #өнімдер #қойма
Объявления
live comments feed...