• Главная
  • Маңғыстаулық оқушылар көкалдандыру эстафетасын бастады
12:21, 2 марта 2018 г.

Маңғыстаулық оқушылар көкалдандыру эстафетасын бастады

видео kairat.titan

видео kairat.titan

Маңғыстаулық оқушылар мектеп ауласын көкалдандыру жұмыстарын биыл ерте көктемнен бастауды жөн көрген. Олар мектеп ауласын гүлдендіру үшін арнайы орындар мен түрлі жеміс ағаштарын отырғызатын жерлерді дайындап қойған, деп хабарлайды ИнАктау.

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округінідегі 12 жылдық Білім беру мектебінің 11 сынып оқушылары "Жасыл мектеп" атты эстафетасын бастады. Бейне үзікте мектеп оқушысы Бекзат, сыныптастарымен бірге мектеп ауласына раушан гүлін егетін орын дайындағандарын және аулада түрлі жеміс-жидек ағаштары отырғызылатынын айтады.

Ал, кеттік тағыда! Эстафету передаем 11ə!

Публикация от Кайрат Титанов (@kairat.titan)

"Жексенбі күні біз 11А сыныбының оқушылары мектеп ауласын көкалдандыру жұмысымен айналыстық. Баршаңызды мектеп ауласын көкалдандырып, абаттандыру жұмыстарын жасауға шақырамын. Жақсылық істеп, жарысайық! Эстафетаны барлық 11 сынып оқушыларына жолдаймын!"-дейді ол.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#эстафета #жасыл #мектеп #оқушылар #көкалдандыру
Объявления
live comments feed...