• Главная
  • Маңғыстаулық әйел полицейлер қару атудан жарысты
15:50, 3 марта 2018 г.

Маңғыстаулық әйел полицейлер қару атудан жарысты

фото:ИнАктау

фото:ИнАктау

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің әйел қызметкерлері атыс даярлық сабағынан жарысқа түсті. Жарысқа аумақтық ішкі істер бөлімдері, облыстық ІІД қызметтері мен бөлімшелерінен 26 қызметкер қатысты, деп хабарлайды ИнАктау.

Маңғыстаулық әйел полицейлер қару атудан жарысты, фото-1

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әйел полицейлер арасында мұндай шараларды өткізіп тұру үрдіске айналған. Бүгінгі жарысқа облыстық ІІД-нің басқармаларынан, қалалық, аудандық басқармаларынан 13 команда қатысты. Жарысқа қатысушы полицейлер Макаров тапаншасынан ату шеберлігі бойынша сынға түсті.

Маңғыстаулық әйел полицейлер қару атудан жарысты, фото-2

"Полицейлер екі жаттығу бойынша жарысып жатыр. Біріншісі - статикалық, яғни көздеп, нысанаға атады. Ал, екіншісі - такикалық жаттығуда қатысушының жылдамдығы есепке алынады. Негізі тапаншамен атуды әйел қызметкерлер тез үйренеді. Себебі, әйелдің саусақтары ер адамдарға қарағанда нәзік, сезімтал келеді. Нысанаға дәл тигізуге көбіне күш емес, сезімталдық керек",- Маңғыстау облыстық ІІД Арнайы даярлық басқармасының басшысы полиция полковнигі Ермахан Аққозиев.

Маңғыстау облысы ІІБ анықтау басқармасының аға анықтаушысы Баян Бейсенбайқызы мұндай жарыстарға бірінші рет қастысып тұрған жоқ. Облыста 4 рет әйелдер арасында өткен қарумен ату жарыстарынан бірінші және екінші орындарды иемденген. Өткен жылы Павлодар қаласында әйел полицейлер арасында өткен республикалық жарыстан 4-ші орынды иемденген.

"ҚР ІІМ-нің 127-ші бұйрығымен ату құралын қолдану туралы нұсқаулығына сәкес, нысананы көздеп, шүрітпені жайлап, баппен басамын. Қарумен атудың мұнан басқа ешқандай құпиясы жоқ. Біз айына екі рет ату даярлық сабағына келіп, жаттығып жүреміз. Дегенмен, қарудан оқ атудан көп жылдық тәжірибем болса да, қобалжып тұрмын. Себебі, жарыстың аты жарыс",-деді Маңғыстау облысы ІІБ анықтау басқармасының аға анықтаушысы Баян Кашиева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#полицейлер #мереке #жарыс #қару
Объявления
live comments feed...