Өтетін орны: Ақтау, Маңғыстау облыстық қуыршақ театры
Премьера күні: 21 желтоқсан 2022 жыл
Авторы: Н. Насырова
Қоюшы-Режиссер: Надежда Насырова
Актерлер: Тажмағанбетов Б, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Айтеманова А., ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Түстікбекова Б, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Абельдаева Н
Жанр: ертегі
Ұзақтығы: 30 минут
Жас шектеуі: 3-10 жас
«Ертегіге саяхат» спектаклі, Қырсық Ханшайым мен Күтуші-Фрейлендер арасындағы көріністі бейнелейді. Күтушілер Қырсық Ханшайымды ұйықтату үшін, Жұлдызды бала жайлы ғажайып ертегі ойлап тауып, Ханшайым қиялға беріліп ол баламен дос болады. Әрине бұл қиял –ғажайыпқа берілген Ханшайымның елесі болатын. Бұл спектакльде –ата –аналарға балаларды ешқандай мәжбүрлемей,әр кезде бүлдіршіннің ойын қиялға айналдырса, бала кез келген нәрсені бұлжытпай орындайтыны анық.

