Автор: Гарт Дженнинге
Режиссёр: Гүлназ Қамысбаева
Қазақ тіліне аударған: Т. Амангалиева
Ұзақтығы: 40 минут «Ән сал», 40 минут «Сиқырлы әлемге саяхат» ертеңгілік
Жас санаты: 3+
Қосымша: Ескерту 3 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!
«Ән сал» отбасылық ертегі. Әнді жақсы көретін кішкентай кейіпкер өзінің нағыз дарынын табу үшін үлкен жолға аттанады. Қойылым балаларды өз армандарынан бас тартпауға, өнерді сүйуге және бір-бірін қолдауға үйретеді. Әсем әндер мен көңілді оқиғаға толы.
«Ән сал» ертегісі және «Сиқырлы әлемге саяхат» атты Жаңа жылдық интермедия
Балаларды 40 минуттық қызықты ертегі қойылымы, сондай-ақ фойеде өтетін 40 минуттық жаңа жылдық интермедия күтіп тұр.
Бағдарламаға:
* ойындар мен конкурстар
* Аяз ата және Ақшақармен кездесу кіреді.
Балаларыңызға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаңыз!

