Өтетін орны: Ақтау қаласы, Н. Жантурин атындағы облыстық музыкалық-драма театры, 8- шағын аудан, 28
Күні: 28 маусым, 2025
Уақыты: 15: 00
Ұзақтығы: 1 час 10 минут
Жас шектеуі: 15+
Әртістер: Дарынн Даумов – режиссер-актер, Жәнібек Ермұхамед – қоюшы суретші-актер, Әйгерім Тұмарбек, Әлима Бетжанова, Әсетхан Еркебұлан, Данияр Қанатов, Бағжан Досимов, Абылайхан Болат - актерлар
Спектакль режиссері: Дарын Даумов
Қоюшы суретшісі: Жәнібек Ермұхамед
Жаңа жобаның продюссері: Ақпарат саласының үздігі Бағдагүл Рахметқызы
«Жарқанат» комедиясы
«DEM» жеке театры Иоганн Штраустың «Жарқанат» комедиясын көрермен назарына ұсынады.
Сахнада оқиға Генрих Айзенштейннің соттан жеңіліс тауып, түрмеге барар сәтінен басталады. Генрих түрмеге барудың орнына жаңа «шытырман» іздеп, досы екеуі басқа жаққа кетеді.
Генрихті түрмеге әкетуге келген жасауыл Розалинданы іздеп келген Франк Альфредты Айзенштейнмен шатастырып, оқиғаны шиеліністіре түседі. Кезекті оқиға барысы Орловский князьдің үйінде болатын балмаскарадта жалғасады. Жарқанат киімінде Розалинда екенін білмеген Айзенштейн оған ғашықтық сезімін білдіреді. Қызықты, әрі тартысты қойылым соңы кейіпкерлердің бетперделерінің ашылып, шынайы болмыстарын көруімен түйінделеді.