Өтетін орны: Ақтау, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, 8 ш/а, 28/2

Автор: Г. Яхина

Премьера күні: 18 сәуір 2025

Режиссёр: Ә. Өмірбекұлы 

Жанр: драма

Ұзақтығы: 2 сағат 

Турақ: бар

Жас шектеуі: 16+

Қосымша:

 

«Зулейха» — тозақта туған махаббат жайлы хикая. Оның өмірі  — бақытты болмақ түгілі тірі қалудың өзі мұң болған  азапты жолдың баяны. Спектакль бас кейіпкердің үрей мен қорқыныш билеген әлемде өмір сүріп, күйеуінен, үйінен, өткенінен айырылған сәтінен бастау алады. Зулейха үшін өмір түрмеге айналады. Алайда дәл осы аштық пен қорлық, үмітсіздік пен қатігездіктің ортасында ол алғаш рет еркіндіктің, нәзік те алапат махаббаттың дәмін татады.  

Зулейха көзін ашады… Ал сіз ше?

Актерлар: Зулейха – Салтанат Бақаева Мұртаза - Бекжан Тұрыс Упыриха - Азамат Сатыбалды Игнатов - Азамат Сатыбалды Юсуф - Рауан Ахмедов