Өтетін орны: Ақтау қаласы, 7-шағын аудан, «Балбобек» Маңғыстау облыстық қуыршақ театры
Премьера күні: 25.10.2025
Автор: Н.Насырова
Режиссер: Н.Насырова
Актерлер: ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Бигашев Е. ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Айтеманова А. ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Абельдаева Г, Тажмағанбетов Б
Ұзақтығы: 30 минут
«Ашкөз Қоян» спектакліне арналған пьесаны ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Н.Насырова жазған. Қойылым мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған. Спектакль өмірін тек дүние жинауға арнаған аса ашкөз Қоян туралы баяндайды. Ол бар байлығын көбейтуді ғана ойлап, неліктен және кім үшін жинап жүргенін еш ойламайды. Уақыты өте келе үйі түрлі затқа толып, өзі далада, алаңқайда ұйықтайтын күйге жетеді. Алайда бір күні ол қиындыққа тап болған кішкентай Қоянды құтқаруға көмектесіп, өмірдің шын мәнін түсінеді. Өмірдің мәні мейірімді істер жасау екенін ұғады. Себебі жақсылық жасау - жиналған байлықтан да жүрекке әлдеқайда жағымды емес пе!

