Өтетін орны: Ақтау қаласы, 7-шағын аудан, «Балбобек» Маңғыстау облыстық қуыршақ театры

Премьера күні: 19.12.2025

Автор: Н.Насырова

Режиссер: Н.Насырова

Актерлер: ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Бигашев Е.  ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Айтеманова А. ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Абельдаева Г, Тажмағанбетов Б

Жанр: Жаңа жылдық бағдарлама

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас санаты: 3-12 жас

 

Қуыршақ театры сіздерді жаңа жылдық театрландырылған қойылымға шақырады: «Тышқанның жаңа жылдық тәтті арманы»

Сіздерді ғажайыпқа толы әсерлі оқиға күтіп тұр!

Кішкентай Тышқан Жаңа жылда Аяз Атадан көп әрі үлкен тәтті сыйлық алуды армандайды.

Жаңа жыл — нағыз сиқыр мерекесі!

Сондықтан оның тәтті арманы орындалады!

Мерекеге ерекше кейіпкерлер келеді:

  • Кәмпит
  • Мистер Зефир
  • Балмұздақ
  • Торт Ханым
  • 2026 жылдың символы – Карамельді Жылқы

Әрине, жаңа жылдық қуаныштың төрінде — Аяз Ата!

Сіздерді көңілді ойындар, әсем билер және қызықты оқиғалар күтуде!

Мерекелік сыйлық ретінде сіздерге спектакль премьерасы ұсынылады: «Үш қар ұлпасы: көк, алтын, күміс»