Өтетін орыны: Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры

Премьера күні: 27, 28 ақпан

Уақыты: 19:00

Жанр: Драма. Аралас тілде болады 

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Қосымша: Ecкерту 14 жаска дейінгі балаларға кіруге болмайды

 

Премьера! «Я-Қарлығаш»

«Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?»

Қазіргі қоғамда мигрант мәселесі күн өткен сайын ушығып барады. Бұл тек біздің елге ғана тән түйткіл емес, бүкіл жер шарын алаңдатқан жаһандық құбылыс. Бүгінде қаншама жігіттер мен қарагөз қыздар нәпақа табу үшін шетел асуға мәжбүр. Көбі туған жерін, отбасын, арманын артқа тастап, бір үміттің жетегінде жат жұртта күн кешіп жүр.

Шетелге тіршілік іздеп кеткен бауырларымыздың хәлі қандай? Тұрмысы мен тіршілігі қалай? Еркіндігі мен азаттығы қай деңгейде? «Жұмыс істеп, ақша табамын» деген үмітпен із-түзсіз жоғалып жатқан қыздарымыз қаншама. Олардың тағдырына кім жауапты? Оларды кім іздейді?

Біз шетке кеткен бауырымыздың жайын шынымен ойлап, іздеп көрдік пе? Әлде бәріне немқұрайлы қарап келеміз бе?

Міне, осы қойылым дәл осы сауалдарды көтереді.