Өтетін орны: Ақтау қаласы, Н.Жантурин атындағы драма театры (8-ші шағын ауданы 28/2)
Қоюшы режиссер: Руслан Алишев
Сахналық нұсқасын жазған: Қазбек Аманжол
Өтетін күні: 4-ші сәуір
Өтетін уақыты: 19:00
Ұзақтығы: 1 час 30 минут
Жас шектеуі: 16+
Тұрақ: бар
«Тақиялы періште» – лирика мен комедияның, дәстүр мен заманауилықтың тоғысы.
«JAN» иммерсивті театры ұсынған жаңа қойылым – қазақ киносының алтын қорына еніп аңызға айналған оқиғаның тың интерпретациясы. «Тақиялы періште» – адам жанының тазалығын, мейірім мен адалдықтың мәңгілік құндылығын еске салатын рухани кездесу.
Осы қойылым арқылы JAN театры көрерменге шындық пен ізгілікке адал болу – қазіргі әлемде мүмкін бе? - деген сұрақ қояды. Себебі бұл – адам баласындағы жылулық пен жүрек тазалығы ешқашан ескірмейтінін дәлелдейтін оқиға.
Рөлдерде:
Тана рөлінде: Жұлдызай Дүйсембиева, Гүлмира Жакилина.
Тайлақ: Жандос Қадыров, Біржан Жүнісов.
Комендант рөлінде Гүлмира Жакилина, Жұлдызай Дүйсенбиева.
Купидон: Оралжан Жәнібек,
Айша: Әсел Бөкенбай,
Алқаш: Егдір Қанат,
Алтыншаш:Мейрамғали Наргиз, Баян Сайлаубек
Ағасы: Әзілбек Төлеуғали

