Құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынның 80 %-ы қайтарылады

фото: пресс-служба акима МО, Шортанова Кундыз
фото: пресс-служба акима МО

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Бейнеу ауданына қарасты ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті, ИнАктау хабарлайды.

Тұрыш ауылының тұрғындарымен кездесу барысында құдық қазу жұмыстарына қатысты бірнеше сұрақтар көтерілді. Енді тұрғындар өз тарапынан құдық қазса, мемлекет шыққан шығынның 80 %-ын қайтарып береді.

"Мысалы сіздер 100 метр құдық қазсаңыз, орта есеппен 5 млн теңге шығын кетеді. Соның 4 млн теңгесін кейін қайтарып алсаңыз, нәтижесінде сіз құдықты 1 млн теңгеге қазасыз. Былтыр жүзеге асырылған 18 құдықтың 17-сін тұрғындар өз күштерімен қазған. Бізге ешқандай өтінім келіп түспеді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы халықтан өтінімдер жинауда, сол бойынша құдық қазу жұмыстарына субсидия береміз", - деді Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов.

"Әрбір қазылған құдықта су бола бермейді. Осы мәселенің төңірегінде көптеген  сұрақ туындады. Құдық қазар алдында ол жерге арнайы мамандарды тарту керек. Арнайы мекемелер осы жұмысқа тікелей атсалысып, өз күшімен құдық қазам деген азаматтарға қолдау көрсетсін", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан көтерілген тағы бір мәселе – ауылға теміржол өткелін салу. Облыс әкімі темір жол өткелінің жобалық сметалық құжаттарын ағымдағы жылдың наурыз айына дейін аяқтап, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына ұсынуды тапсырды.

ЕралыТоғжанов
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
Разместить объявление в этом блоке Добавить
Ответственный за раздел
Алия Шарипова
Журналисты сайта InAktau.kz всегда на связи.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Актау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!

Редактор InAktau.kz:
[email protected]
+7(777) 22-22-105