Түпқараған ауданында сүт зауыты ашылды

Сайын Шапағатов ауылында түйе сүтін қайта өңдейтін сүт зауыты ашылды. Тәулігіне 50 тонна өндірістік қуаты бар кәсіпорынды ашуға 1,5 миллион доллар қаржы жұмсалған, деп ИнAктау хабарлайды.

Зауытта пастерленген түйе сүті, йогурт, ірімшік, шұбат, биокефир, биоқаймақ, шалап, тан және тағы басқа өнім шығарылады. Кәсіпкер 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Түпқараған ауданында сүт зауыты ашылды, фото-1

"Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тұтастай алғанда агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған. Сондықтан, бірінші кезекте малдың санын көбейту және азық-түлік өнімдерін өндіру жобаларын жүзеге асыру қажет. Осы мақсатта инвесторлар тартуға және кәсіпкерлікті қолдауға қолжетімді несиелер беру жұмыстары қолға алыну керек. Сондықтан биылғы жылы елімізде алғаш рет "Даму" қорымен бірлесе отырып шағын және орта бизнес жобаларына 1%-бен несие беруді бастаймыз", - деді Ералы Тоғжанов.

сүтзауыт сүт
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Ответственный за раздел
Алия Шарипова
Журналисты сайта InAktau.kz всегда на связи.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Актау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!

Редактор InAktau.kz:
[email protected]
+7(777) 22-22-105