11:02, 22 января 2018 г.
Талапкер жауапкерден 17 миллионнан астам теңге өсімпұл өндіріп алды
фото из сети Интернет
"Мұнай теңіз компаниясы "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС-нің "Сармат-Энерджи»" ЖШС-нен тараптар арасындағы сатып алу шартын бұзғаны үшін 17430939 теңге өсімпұлөндіріп алды, деп InAktau Маңғыстау облысының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар арасында сатып алу шарты жасақталып, жауапкер 174309390 теңгеге скважиналарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді міндетіне алған. Жөндеу жұмыстары шарт жасақталған күннен басталып, 31-желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс болған.
Бірақ жауапкер шарт талаптарын бұзып, келісілген мерзімде күрделі жөндеу жұмыстарына кіріспеген және қаржылық қиындыққа байланысты жұмыстарды атқара алмайтынын хабарлаған.
Талапкер соттан сатып алу туралы шартты бұзуды, жауапкерден күрделі жөндеу жұмыстарын бастамағаны үшін 17 430 939 теңге өсімпұлды және міндеттемелерін уақытында аяқтамағаны үшін 8 715 469 теңге айыппұлды өндіруді сұраған.
Сот талап қоюшы талабын ішінара қанағаттандырып, тараптар арасындағы сатып алу туралы шартты бұзып, жуапкерден талап қоюшы пайдасына 17 430 939 теңге өсіппұлөндірді.
Жауапкердің күрделі жөндеу жұмыстарын бастамауына байланысты талапкердің жұмысты келісілген мерзімде аяқталмағаны үшін 8 715 469 теңге айыппұл өндіру туралы талабы қанағаттандырылмады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
11:16, 7 сентября
219
11:07, 2 июля
10:25, 6 сентября
14:18, 25 декабря 2023 г.
live comments feed...