Мұнайлы ауылында ауыз судың бағасы 500 теңгеге қымбаттап кеткен

фото из открытых источников, Шортанова Кундыз
фото из открытых источников

Ауыл тұрғыны ауыз су бағасының бірден 500 теңгеге көтеріліп кетуінің себебін білгісі келіп Inaktau сайтына шағымданған.

Атамекен ауылының тұрғыны өткен жылы жекеменшік су тасымалдаушылардан 6 текшеметр ауыз суды 3500 теңгеге сатып алып жүріпті. Жаңа жылдан кейін ауыз су 4000 теңгеге қымбаттап кеткен. Ол айына екі рет су құйдыратынын және басқа тұрмыстық заттардың қымбаттағаны былай тұрсын, енді ауыз судың қымбаттап кеткені жанына қатты батқанын айтады.

Жекеменшік су тасымалдаушылардың  да өз айтарлары бар. Олар су бағасының көтерілуін газ бен автокөлік жабдықтарының қымбаттап кетуімен түсіндіреді. 2007 жылы газдың литрі 20 теңге кезде жеке тасымалдаушылар 6 текшеметр суды 3500 теңгеге құйып беріп жүріпті. Одан бері 11 жылдың ішінде газдың бағасы 3 есеге өскенін айтады.

"Былтыр "Маңғыстау Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан 6 текшеметр ауыз суды 1450 теңгеге сатып алып жүрдік, ал 2018  жылдан бастап 1700 теңгеден аламыз. Бірақ біз әлі де халықтың жағдайын ойлап, 3500 теңгеге құйып беріп жүрміз. Ауылдың қашықтығына байланысты 500 теңге қосатынымыз рас. Оның үстіне су тасымалдайтын автөкөліктің бір дөңгелегінің өзі 45 000 теңге тұрады", - дейді жекеменшік су тасымалдаушы.

Бұл мәселе бойынша "Маңғыстау Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары ресми хат жазуымызды сұрады. Алдағы уақытта кәсіпорынның берген ресми жауабын жариялайтын боламыз.

Мұнайлыауылында су
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Ответственный за раздел
Алия Шарипова
Журналисты сайта InAktau.kz всегда на связи.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Актау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!

Редактор InAktau.kz:
[email protected]
+7(777) 22-22-105