• Главная
  • 2018 жылдан бастап зейнетақы мен жəрдемақы өсті
14:00, 23 января 2018 г.

2018 жылдан бастап зейнетақы мен жəрдемақы өсті

фото: ИнАктау

фото: ИнАктау

2018 жылдан бастап зейнетақы  8%-ға, әулеуметтік төлемдер 16% өсті, деп InAktau.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылы  бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін бір жолғы жәрдемақы мөлшерлері 91 930 теңге, ал төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 151 515 теңге болады.

Ол үшін республикалық бюджеттен 40,2 млрд. теңге қарастырылған.  

2018 жылы бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге респубиликалық бюджеттен 36,8 млрд теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай бірінші балаға 13 853 теңгеден (16 379 теңге – екінші балаға, 18 880 теңге – үшінші балаға) 21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі.

Ал мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға 29 699 теңге немесе өткен жылғы көрсеткіштен 15,6%-ға артық мөлшерде берілетін жәрдемақылар үшін республикалық бюджеттен 29,9 млрд. теңге қарастырылған.

ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, 2018 жылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері 15,6%-ға артып, 29 699 теңгені құрайды. Барлығы аталған жәрдемақы түріне 2018 жылы республикалық бюджеттен 29,9 млрд теңге қарастырылған.

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін – 31 334 теңге, жасына қатысты – 12 719 теңге болды.

Биыл азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін 1,9 триллионнан астам теңге қарастырылып отыр.

2018 жылдың 1 - шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 - қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 - қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 - шілдеден бастап  зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Жəрдемақы #Мөлшері #Мүгедектік #Өсті
Объявления
live comments feed...