Жыңғылды ауылының тұрғындары облыс әкімі Ералы Тоғжановқа ашық хат жолдады

фото: из открытых источников, Шортанова Кундыз
фото: из открытых источников

Жыңғылды ауылының тұрғындары облыс әкімі Ералы Тоғжановтан ауылдың қордаланып қалған өзекті мәселелерін шешіп беруін сұрап, ашық хат жазған. Олар аймақ басшысынан әлеуметтік нысандардың салынуына және ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етуін сұраған, деп хабарлайды InAktau.kz.

Жыңғылды ауылының демографиялық өсімі өте жоғары.  Қазіргі таңда ауылда 430 жанұя бар.

Жыңғылды ауылының тұрғындары облыс әкімі Ералы Тоғжановқа ашық хат жолдады, фото-1

"Ауылдағы Есір Айшуақұлы атындағы мектепке тек ауыл балалары ғана сыйып отыр. Бала санының өсуін ескеретін болсақ, енді 2-3 жылда оқушылар мектепке сыймай қалады. Осы жағдайды ескеріп, ауылға екінші мектеп (немесе бастауыш мектеп) пен  ауыл жастары бос уақыттарын өткізетін спорт кешенін және мәдениет үйін салдырып беруге ықпал етуіңізді сұраймыз", - дейді тұрғындар.

Болашақта мұнайдың ет болмайтынын түсінген халық, жаппай мал басын көбейтуде. Дегенмен мал санын арттыруға ауылда мал суаратын құдықтардың жоқ екенін айта келе, 2-3 құдық қаздырып беруге көмек беруін сұраған.

ауылмәселесі мектеп ауылшаруашылық құдық
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Ответственный за раздел
Алия Шарипова
Журналисты сайта InAktau.kz всегда на связи.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Актау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!

Редактор InAktau.kz:
[email protected]
+7(777) 22-22-105