Қарақиялық кәсіпкер гипстен құйылған мүсіндер жасаумен айналысады. Ол бұл ерекше кәсіп түрін Ресейде оқып жүрген кезінде үйренген екен, деп хабарлайды InAktau.kz.
Қарақиялық жас кәсіпкер Данияр Мурзабеков гипстен ақша жинақтайтын мүсіндер құйып шығарады. Ол кәсіпті Ресейдің Волгоград қаласында ЖОО-нын оқып жүрген кезінде үйреніпті. Сабақтан бос уақытын пайдалы іспен айналысуды жөн көрген студент мүсін жасайтын цехқа жұмысқа тұрып, сол жерде осы істің қыр-сырын меңгеріп алады.
"Ресейден келгеннен кейін неге Қазақстаннан да мүсін шығаратын цех ашпасқа деп ойладым. Себебі, цехтан шығарылған өнімнің 80%-ын Қазақстанға сатуға жіберетін еді", -дейді ол.