27-қаңтар күні 26-шағынауданда орналасқан №2 Ақтау қалалық емханасында жатыр мойны обырын ерте анықтау бойынша әйелдерге арналған ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ИнАктау.
Онкологтың тегін тексеруінен 11, 12, 15, 16, 18, 19, 21, 24, 26, 27, 28, 28 "а", 29, 29 "а", 30, 31, 31 "а", 31 "б", 32, 32 "а", 32 "б", 34 және 35 шағынауданы, Приозерный ауылы, "Толқын - 1 және 2", "Самал" тұрғын массивінің тұрғындары өте алады. Г инекологиялық тексеруден басқа, тұрғындар мойын клеткаларының құрылымында әртүрлі өзгерістерді анықтауға және онкологиялық аурулардың дамуына жол бермеуге арналған поп-тесттен (жатыр мойнынан цитология әдісімен анықтау) өте алады.