• Главная
  • Маңғыстау облысында бір жылдың ішінде мыңнан астам неке бұзылған
14:29, 26 января 2018 г.

Маңғыстау облысында бір жылдың ішінде мыңнан астам неке бұзылған

иллюстрация из сети интернет

иллюстрация из сети интернет

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, Маңғыстау облысында 2017 жылы 2431 жұп некеге тұрса, 1338 –сі ажырасып кеткен. Мамандар ерлі-зайыптылардың ажырасуына технологиялық, экономикалық және физиологиялық факторлар әсер етіп отыр дейді, деп хабарлайды InAktau.kz.

Психолог Райхан Бекманова бұрындары ерлі зайыптылар бірін бірі түсіне алмаудан, күйеуінің ішімдікке әуестігі салдарынан ажырасып кетіп жатса, соңғы уақытта ажырасудың себептері өзгергенін айтады.

"Жылдан жылға ажырасу жасарып барады. Қыздарымыз жастайынан тұрмысқа шығады. 15 жастағы жасөспірім психологиялық тұрғыдан отбасылық қарым-қатынас орнатуға дайын емес. Мәселен, тамақ пісіріп, балаға қалай күтім жасау керек екенін білмейді. Қазіргі таңда жалғыз басты аналар көп. Олар келін тәрбиелемек түгілі, баласын қызғанып, өмірдің ащысы мен тұщысын енді ғана басынан өткеріп отырған жастардың арасына от салып, ұрыс -керісті ушықтырып отырады. Оның үстіне қазір жастар еңбек етуге құлықсыз. Олар оңай ақша табудың жолын іздеп, құмар ойындарға әуестеніп кетеді. Бұл да жастардың ажырап кетуіне алып келеді. Сол үшін отбасын құрмай тұрып, психологтың кеңесін алу керек", - дейді психолог,

Дағдарыс орталығына отбасылық мәселелерімен бір жылдың ішінде 265 адам келген. Соның ішінде 120 бала мен 85 әйел уақытша баспанамен қамтамасыз етіліп, мамандар кеңесін алған.

Ал Ұлыбританиялық The Economist журналының дәстүрлі "Әлем статистикасы – 2015" жинағында Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлем елдері арасында алғашқы ондыққа кірген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ажырасу #құмаройын #отбасылықөмір #психологкеңесі
Объявления
live comments feed...