15:08, 29 января 2018 г.
Бейнеу орта мектебінде "Фитобар" ашылды
фото: коллектива школы Бейнеу
Бейнеу ауданындағы Бейнеу орта мектебінде мектеп мұғалімдерінің бастамасымен "Фитобар" ашылды. Дәрілік өсімдіктен әзірленген шәй мектеп оқушылырының денсаулығын нығайту мақсатында беріледі. Мектеп ұжымына бұл идеяны жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімі, жас маман Қосшиева Малика ұсыныпты, деп хабарлайды InAktau.kz.
Бұл жоба Маңғыстау облысында өстетін дәрілік өсімдіктерді насихаттап және мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту мақсатында қолға алыныпты. Емдік шәй "Жаратылыстану" кабинетінде дайындалады. Санитарлық талаптар қатаң сақталған. Сондықтан оқушылар мен мұғалімдерге тұнба шәй бір рет пайдаланатын стаканмен беріледі. Қазір мұғалімдер үйлерінде ішіп жүрген жолжелкен, түйежантақ және киікоты секілді шөптерді әкеліп, әзірлеп жүр. Дәрілік шөптер балалардың иммунитетін, бұлшық ет тонусын жақсартып, әртүрлі созылмалы аурулардан сақтайды.
"Мектепте иммунитеті төмен, қаназдық және қант диабетімен ауыратын балалар бар. Сондықтан біз медбикемен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Енді жаз айынан бастап, мектеп ауласында өсетін жолжелкен, сораң жантақ, адыраспан шөптерін әрқайсысының пісу уақытында теріп аламыз. Оны жуып, кептіріп, тазалап, келесі жылы жыл бойы пайдаланамыз деп жоспарлап отырмыз", -деді биология пәнінің мұғалімі Сәуле Шаханова.
2017 жылы қолданысқа берілген жаңа мектепте 910 бала екі ауысыммен оқиды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:19, 29 августа
16:27, 4 сентября
15:12, 12 августа
242
14:57, 4 сентября
15
live comments feed...