• Главная
  • Маңғыстауда аққулар аштықтан әлсіреп жатыр
19:31, 29 января 2018 г.

Маңғыстауда аққулар аштықтан әлсіреп жатыр

фото: прислал герой статьи

фото: прислал герой статьи

Облыс орталығына жақын маңнан шопандар аштықтан әлсіреп, ұша алмай қалған аққуды тауып алды. Бұл туралы Ақтау қаласының тұрғыны Нұрбол Қонжар өзінің әлеуметтік желісінде "аққуларды қалай құтқаруға болады?" деп дабыл қақты, деп хабарлайды InAktau.kz.

Жалпы Каспий теңізінде жыл сайын 14 мынан астам құс падишасы қыстап шығады. Көбі Қаракөлде тұрақтайды. Ақтауға соның тек қырыққа жуығы ғана келеді. Аққудың бұл тобының осы айдынды паналап жүргеніне де 30 жылға таяған. Бірақ соңғы жылдары олардың да келуі сиреп кеткені байқалады дейді тұрғындар. Қазір аққуларды қоректендіретін тек жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары ғана. Нан, жеміс-жидек, көкөніс әкеліп беріп, тербелісін тамашалап кетеді. Алайда, күн суыта қалса, адамдар жағалауға беттемейді. Теңіздің суы қатып аққулар табиғи қоректен қағылады.

"Кешегі табылған аққудың аштықтан әлсіреп қалғаны аңғарылады. Негізі заң бойынша егер табиғи апаттар болған жағдайда жергілікті атқарушы билік органдары аң-құстарды қорекпен қамтамасыз ету керек. Қазіргі таңда оларға ешкім көңіл бөліп, мониторинг жүргізіп жатқан жоқ. Аққулар аштықтан әлсіреп қалып жатыр. Маңғыстау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы жарақаттанған жабайы жануарларға арналған оңалту орталығын ашуды қолдап отыр. Бірақ оған қаражат бөліп жатқан ешкім жоқ", - деді эколог, Әділбек Қозыбақов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ашыққанаққу #оңалтуорталығы #аңқұстардықұтқару
Объявления
live comments feed...