Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі

фото: со страницы школы, Шортанова Кундыз
фото: со страницы школы

Маңғыстау ауданы Өтес орта мектебіндегі жылыжай бағы қысы-жазы жайқалып тұрады. Мектепте орналасқан жылыжайды тропикалық джунгли деп атауға болады. Бүгінгі таңда жылыжайда өсімдіктің 74-ке жуық түрі бар. Оған бұрқырай аққан су бұрқағы көрік беріп тұр, деп хабарлайды ИнАктау.

Енді түрлі өсімдіктерді көру үшін ауыл тұрғындары мен оқушыларға шетелге барудың қажеті жоқ. Тропикалық джунглиді Сайөтес ауылындағы орта мектепке барып көрулеріне болады. Ауылда ауа температурасы -20 градус салқындықты көрсетіп тұрса да, мектеп жылыжайындағы тропикалық өсімдіктер гүлдеп, жайқалып тұр.

Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-1 Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-2 Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-3 Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-4 Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-5

"Мектеп 2007 жылы қолданысқа берілді. Сол уақыттан бастап жылыжайға түрлі өсімдіктерді өсіре бастадық. Өсімдіктер өте бейімделгіш келеді. Бастысы уақытылы жарық пен жылу беріп, суарып және қоректендіріп тұрса болды. Жылыжайдағы өсімдіктерді күтіп-баптайтын арнайы мамандар жұмыс істейді. Және бұл жерде билология, география пәнінің мұғалімдері тақырыпқа сай сабақ өтеді. Гүлдерді күтіп-баптауға баулу мақсатында оқушыларға арнайы үйірме аштық",- деді мектеп директоры Алтынгүл Назарова.

Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-6 Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-7 Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-8 Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-9 Өтес орта мектебінің жылыжайында тропикалық өсімдіктердің түр-түрі өседі, фото-10

Жылыжайда жанға ләззат сыйлар хош иіс, жылы леп, таза ауа, көз тартар гүлдер мен бағалы ағаштар жылдың төрт мезгілінде жайқалып тұрады.

тропикалықөсімдік сайөтесмектеп жылыжай
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Ответственный за раздел
Алия Шарипова
Журналисты сайта InAktau.kz всегда на связи.

Пишите нам, звоните, сообщайте о городских новостях и событиях - мы надеемся, что с Вашей помощью горожане узнают о жизни Актау больше.

Вместе с Вами мы сделаем наш город лучше!

Редактор InAktau.kz:
[email protected]
+7(777) 22-22-105