16:00, 31 января 2018 г.
Қазақстанда уақытша тіркеуді SMS арқылы ұзартуға болады
фото: ИнАктау
Жақын арада уақытша тіркеуді SMS-хабарлама арқылы ұзарту қызметі енгізіледі."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов жаңа қызметтің іске қосылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау.
Уақытша тіркеуді SMS-хабарлама арқылы ұзарту қызметін енгізу ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қабылданды.
"Уақытша тіркеудің аяқталуына бір күн қалғанда тіркеуді ұзарту туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Адам өз келісімін берсе, уақытша тіркеу ұзартылады. Бұдан бөлек, дәл сондай хабарлама үйдің иесіне де жіберіледі. Ол да уақытша тіркеуді ұзартуға өз келісімін беруі керек. Ақпараттық базада үй иесінің меншік құқығы расталғаннан кейін уақытша тіркеу автоматты түрде ұзартылады", - деп жазды А.Оспанов Facebook желісіндегі жеке парақшасында.
Ескерте кетейік, жаңа қызметті пайдалану үшін уақытша тіркеуді ұзартатын адам да, үйдің иесі де мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асыруға болады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:34
Вчера
18:47
Вчера
Председатель ОО Мангистауской области Онайбек Абдилов: АЭС-лучшее достижение мировой науки
Госинформзаказ
18:12
Вчера
17:20
Вчера
ТОП новости
Объявления
13:58, 9 сентября
844
10:36, Вчера
7
01:51, 7 сентября
15:35, 8 сентября
10:28, 16 сентября
57
live comments feed...