• Главная
  • Ақтау тұрғындары мемлекеттік тілді тегін үйрене алады
20:05, 31 января 2018 г.

Ақтау тұрғындары мемлекеттік тілді тегін үйрене алады

фото из открытых источников

фото из открытых источников

Ақтаулық орыс тілді тұрғындарға қазақ тілін тегін үйренуге үлкен мүмкіндік туды. "I Bastyk.com" оқу орталығы мемлекеттік тілді үйренуге ынталы қала тұрғындарын кусқа шақырады, деп хабарлайды ИнАктау.

"Bastyk.com" оқу орталығы Ақтаудағы алғаш қазақ тілін тегін оқытуға ниет білдірген орталық. Орталықта мемлекеттік тілді үйренемін деушілердің жасына, ұлтына ешқандай шектеу жоқ. Қазақ тілі экспересс-курсы бір жарым ай оқытылады. Қазіргі таңда орталық топқа қажетті адамды жинап үлгерген. Олардың арасында тек бір қазақ бар. Орталық мамандары сабақты келесі аптада бастауды жоспарлап отыр. Сабақты білікті оқытушы өтетін болады.

"Қалада мемлекеттік тілді толық меңгермеген, білмейтін орыс тілділер өте көп. Олардың қазақ тілі курсын оқуға қалтасы көтере бермейді. Бұл курс олар үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр. Курсқа жазыламын, тіл үйренемін деушілерге есігіміз ашық", - деді "I Bastyk.com" оқу орталығы директорының орынбасары Жанна Алмакаева.

Мемлекеттік тілді үйренуге ниетті қала тұрғындары 8701 376 59 63 нөміріне хабарласуға болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қазақтіл #ітегінүйрену #экспересскурс #орыстілділер
Объявления
live comments feed...