• Главная
  • Маңғыстаулық мұғалім қыз-келіншектерге "ұршық иіртіп, жүн түттірмек"
14:31, 1 февраля 2018 г.

Маңғыстаулық мұғалім қыз-келіншектерге "ұршық иіртіп, жүн түттірмек"

фото из сети интернет

фото из сети интернет

Бейнеулік мұғалім қазіргі асабалардың той жүргізу бағдарламаларына көңілі толмайтынын айтады. Сондықтан ол өзінің ұйымдастыруымен өткен тойларға үнемі қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін бағдарламларды қосады екен. Мұны оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған бейнеүзігінен байқауға болады, деп хабарлайды ИнАктау.

Рысты Кабулованың айтуынша, той 27-қаңтар күні Бейнеу ауданында өткен. Құдалық тойды қызықты өткізгісі келген ол, құдағайларға қазақтың салт-дәстүрлерінен бірнеше сұрақтар қояды. Құдалыққа келген, жасы 50-ді алқымдап қалған апамыз қапелімде абдырап, "Бас табаққа" қойдың қандай жіліктері салынатынын ұмытып қалады. Ал құдашаның жауабынан оның табақ тарту дәстүрінен бейхабар екенін аңғаруға болады.

"Соңғы уақытта тойлар бір сарында өтеді. Даңғырлаған әуендерден шаршайсың. Сондықтан, қазақы дәстүрлерді дәріптеу мақсатында - тойларда қазақ халқының тұрмыс-тіршіліге, әдет-ғұрыпына тән сұрақтарды қосуды жөн көрдім. Себебі, жастар біздің іс-әрекетімізді көріп бой түзейді, біз оларға үлгі болуымыз керек. Келесі тойларда әйел қауымына "жүн түттіріп, ұршық иіртемін", - деді ол.

Ұлы халықтың ұрпағы ретінде сіз табақ тарту дәстүрінен қаншалықты хабарыңыз бар? Егер табақ тартуды білмесеңіз, төмендегі табақ тарту ретіне назар аударыңыз.

"Бас табақ"- бас, жамбас, ортан-жілік, белдеме, сүбе қабырға, қойдың ұлтабары; жылқы етінен -қазы, қарта, жал, жая салынады.

"Сый табақ" - бас, жамбас салынады. Бір ескеретініміз, бас табақ, қос табақ, сый табақтарға жауырын, тоқпан жілік сияқты кәдесіз жіліктерді араластыруға болмайды.

"Құдағилар табағы" - жамбас немесе асық жілік пен сүбе салынады.

"Күйеу табақ" - бір сан жілік пен төс салынады.

"Келін табақ" - келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.

"Қыздар табағы" - жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.

"Жеңге табақ" - қойдың жамбасын, жауырынын, арқа белдемесін, сүбе қабырғасын, жүрек, бауырын, тоқ ішегін, бүйректерін салады.

"Жезде табақ" - жілік, жауырын, қабырға, белдеме, қарын, тоқ ішек, бауыр, жүрек, бүйрек, құйымшақ салады.

"Жерік асының табағы" - жамбас немесе асық жілік, төс, ұлтабар салады.

"Орта табақ" - асық жілік, кейде жамбас та түседі.

"Аяқ табақ" - еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Қазақтойы #қазақдəстүрі #жаңабағдарлама
Объявления
live comments feed...