• Главная
  • Қазақстанда зейнетке шығудың жаңа ережесі күшіне енді
10:24, 2 февраля 2018 г.

Қазақстанда зейнетке шығудың жаңа ережесі күшіне енді

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Қазақстанда биыл 50 мыңға жуық әйел адам зейнетке жаңа ереже бойынша шығады. Өйткені осы жылдың 1 қаңтарынан әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен 58 жастан 63 жасқа арттыру жөніндегі норма күшіне енді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп ИнАктау сайты 24.kz телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері кесте бойынша беріледі. Бұған дейін зейнетақы жинағын салымшы өз қалауына қарай ай сайын, әр тоқсанда немесе жылына бір рет алатын. Енді зейнетақы төлемдері ай сайын беріледі. Жанара Төлегенова, «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры: - Егер салымшы өтініш берген күні оның жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді.

Бүгінгі таңда оның мөлшері 404940 теңге. Ал ай сайынғы төлемдердің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем болмайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#зейнетжасы #зейнетақы #зейнетақықоры
Объявления
live comments feed...