• Главная
  • Маңғыстауда өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қызметін заңдастыру жұмысы аудан және ауыл әкімдіктеріне жүктелді
13:29, 5 февраля 2018 г.

Маңғыстауда өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қызметін заңдастыру жұмысы аудан және ауыл әкімдіктеріне жүктелді

иллюстрация из сети Интернет

иллюстрация из сети Интернет

Маңғыстауда өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 30 мың тұрғынның 90%-ы тіркелмеген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау.

Үй-үйді аралап тексеру барысында аймақта 30 мың өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындар және 14 мың жұмыссыздар тіркелгені анықталып отыр.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың негізгі бөлігі 90% құрайды, олар тұрақты немесе маусымдық табыс табады.

"Біздің міндетіміз - Мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесе отырып, бұл бөлікті заңдастыру және оларды есепке қою. Заң бойынша мұндай субъектілерге жеңілдіктер беріледі және белгілі бір мерзімге дейін салық төлеуден босатылады. Халық қазір зейнетақы қорына қаражат жинақтау жөнінде ойланулары қажет. Сонымен қатар алдағы уақтта міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізетінімізді түсінулері керек. Сондықтан бірінші кезекте қала мен аудандардың әкімдіктеріне өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған халықты заңдастыруды қамтамасыз етуді тапсырамыз", - деді Шолпан Ілмұханбетова.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#өзін-өзіжұмыспенқамту #заңдастыру #жұмыссыздар #салықтөлеу
Объявления
live comments feed...