• Главная
  • 2017 жылы Атамекен ауылдық округін көгалдандыру мен абаттандыруға 14 миллионға жуық қаржы жұмсалған
16:36, 5 февраля 2018 г.

2017 жылы Атамекен ауылдық округін көгалдандыру мен абаттандыруға 14 миллионға жуық қаржы жұмсалған

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Өткен жылы елді мекенді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын атқаруға бөлінген 13800миллион теңгені "Ақтау қалалық соқырлар қоғамы" оқу орталығы тендерден жеңіп алған. Бұл жөнінде Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев Атамекен ауылдық округі тұрғындарымен есеп беру кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау.

Аудан әкімі Нұрлан Тәжібаевтың айтуынша, ауылдық округ бойынша гүлдер, түрлі ағаштар мен талдар егіліп, күтіп-баптау жұмыстары мен ауылішілік қатқыл табанды жолдарға құм төгіліп, тегістеу жұмыстары жүргізілген.

Тұрғындармен кездесу барысында аудан әкімі ауылдағы өткір тұрған өзекті мәселелердің бірі ауыз сумен қамту мәселесі туралы айта кетті.

"Атамекен ауылдық округінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау Жылу" МКК-ның 2000 текше метр ауыз су резервуары орналасқан, ауыз судың 1текше метрінің құны тұрғындар үшін 280,29 теңгені құраса, кәсіпкерлер үшін 550,29 теңгені құрайды. Сонымен қатар, "Ақбұлақ" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық округ тұрғындарына құбыр арқылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 1525,8 миллион теңге болатын жоба жасақталып, оған 2016 жылы 400 миллион теңге бөлінді, 2017 жылы құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтауға 976,3 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда "Маңғыстау Жылу" МКК арқылы тұрғын үйлерді су жүйесіне қосу және ауыл тұрғындары арасында техникалық шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде", - деді аудан әкімі.

Алдағы уақытта ауылға 200 орындық кітапаханмен бірге мәдениет үйін салу, көшеаралық электр бағаналарын әртүрлі электр шамдарымен безендіру және көше атауларын жаңадан жасап ілу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, ауылішілік 3 шақырым асфальт жол құрылысын салу үшін (жоба құны 3900 млн.теңге) ЖСҚ жасақталуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#көгалдандыру #ауызсуменқамту #кітапхана #мәдениетүйі
Объявления
live comments feed...