• Главная
  • Маңғыстаулық кәсіпкерлер жергілікті бюджетке 21 миллиард теңгеден астам салық аударған
17:18, 6 февраля 2018 г.

Маңғыстаулық кәсіпкерлер жергілікті бюджетке 21 миллиард теңгеден астам салық аударған

фото с сайта Tengrinews

фото с сайта Tengrinews

Маңғыстау облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Қазір аймақта экономикалық белсенді саналатын тұрғындардың басым бөлігі осы салада еңбек етуде. Бүгінгі таңда облыс аумағында 47 мыңнан астам кәсіпорын бар. Бұл 2017 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8 мың бірлікке артық, деп хабарлайды ИнАктау.

Облыста кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде соңғы жылдары 112249 адам жұмыспен қамтылған. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 519,455 миллион теңгенің өнімін шығарып, жергілікті бюджетке 21,1 миллиард теңге салық аударған. Ө ткен жылы жергілікті бюджетке жалпы көлемі 124,4 миллиард теңге салық аударымдары түскен.

2018 жылы "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Бірыңғай бизнесті қолдау және Бизнесті дамыту бағдарламасы аясында облыс орталығының жобалары 27%-ды құрайды, ал қалған бөлігі 73% - Жаңаөзен қаласы мен облыс кәсіпкерлерінің жобалары.

"Біздің алдымызда 2018 жылдың соңына дейін кәсіпкерлік қызметті арттырудың үш тапсырмасы тұр. Қаржыландыру көлемі 2,7 миллиард теңге "Нұр Капитал" өңірлік бағдарламасын іске асыру және 1% мөлшермен несие беру; Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін «Кәсіпкер боламын» пилоттық жобасын жүзеге асыру; Сондай-ақ, еңбек нарығының трансформациясы шеңберінде бұрынғы мұнайшыларды шағын және орта бизнеске тарту", - деді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#орташағынкәсіп #бизнесқарқынды #салықаудару
Объявления
live comments feed...