18:53
Вчера
фото из сети интернет
Ақтау қаласының соты қала тұрғынын 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды, деп хабарлайды ИнАктау Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азамат көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол қозғалысы Ережелерінің 2.4.2 тармағында қаралған тәртіпті бұзған.
"Сот қаулысымен азаматқа жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру жазасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енді",-деп мәлімдеді баспасөз қызметі.