• Главная
  • Жаңаөзенде алимент төлемеген әке қамаққа алынды
14:11, 8 февраля 2018 г.

Жаңаөзенде алимент төлемеген әке қамаққа алынды

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Жаңаөзенде берешек алиментін төлемеген әке 2 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жазаға тартылды, деп хабарлайды ИнАктау Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Борышкер әке кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін берешек алимент қарызы 1152 614 теңгені 1/3 бөліктке бөліп төлеу керек болған. Бірақ ол Жаңаөзен қалалық сотының 2015 жылғы 14 ақпанда алимент өндіру туралы шығарған сот бұйрығын орындамаған.

"Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулікке әкімшілікке қамаққа алу жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді" -деді баспасөз қызметі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#алиментөндіру #қамаққаалу #борышкер
Объявления
live comments feed...