• Главная
  • Ақшұқырлық азаматша косметика ұрлап, айыппұл төлейтін болды
17:00, 8 февраля 2018 г.

Ақшұқырлық азаматша косметика ұрлап, айыппұл төлейтін болды

фото из сите Интернет

фото из сите Интернет

Ақшұқырлық азаматша ауылдағы дүкендердің бірінен косметика ұрлып, 60 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ИнАктау Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматша Ақшұқыр ауылындағы дүкендердің бірінде сатылымда тұрған құны 8000 теңге тұратын бір дана тональдық кремді ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Ұры сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кінәсін толығымен мойындап, сотқа істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қарауға өтініш білдірген.

"Судья сот процесін өткізбей үш тәулік ішінде сотталушыны кінәлі деп танып, оған 25 АЕК, яғни 60125 теңге айыппұл ретінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ" -, деді баспасөз қызметі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#косметикаұрлығы #айыппұлтөлеу #жазатағайындалды
Объявления
live comments feed...