• Главная
  • Биыл Ақтау портынан Түркияға жүк тасымалы үш есе артады
08:07, 9 февраля 2018 г.

Биыл Ақтау портынан Түркияға жүк тасымалы үш есе артады

фото: ҚазАқпарат

фото: ҚазАқпарат

Қазақстан сауда кемелерін шабуылдан қорғау үшін қажетті қадамдарды айқындады, деп хабарлайды ИнАктау ҚазАқпарат порталына с ілтеме жасап.

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

"Хаттама лаңкестік деп танылатын әрекеттердің тізімін кеңейтеді. Кемелерге шабуыл жасалған жағдайда жедел әрекет ету мен көмек көрсету тетіктерін анықтайды. Бүгінде 40-тан астам мемлекет құжаттың қатысушысы болып отыр әрі олардың ішінде Қара теңіз бен Балтық теңізі маңындағы барлық мемлекет бар. Қазір Қазақстанның сауда кемелері ашық теңіздерге, сол теңіздердің порттарына дейінгі бағыттарды белсенді түрде игере бастады. Өткен жылы Ақтау портынан Түркияға 35 мың тонна басты жүктер тасымалданды. Биыл бұл тасымалдың көлемін үш есеге арттырамыз деп жоспарлап отырмыз", - деді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, Ресейдің ішкі су жолдарында Қазақстан кемелер үшін жеңілдетілген транзиттік тәртібін енгізу РФ-пен ЕАЭО аясында қол жеткізілді. Осы орайда тиісті келісім бар және бұл бағытта тасымалдау көлемін арттыруға ықпал етеді.

"Хаттаманы ратификациялау ашық теңізде жүзетін отандық кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық кепілдіктерін күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, құжатты мақұлдау бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді", - деп түсіндірді министр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жүктасымалы #ақтаупорты #мәжілісотырысы #бюджетқаражаты
Объявления
live comments feed...