• Главная
  • Маңғыстау облысында белгісіз індеттен түйе мен жылқы қырылып жатыр
06:05, 15 февраля 2018 г.

Маңғыстау облысында белгісіз індеттен түйе мен жылқы қырылып жатыр

фото из сети Интернет

фото из сети Интернет

Маңғыстау облысында карантин жарияланды! Мұндағы Жармыш ауылындағы жануарлар құтыру ауруына шалдыққан. Тұрғындардың дабыл қағуына түйе мен жылқының жаппай өле бастауы себеп болыпты. Қазір ауылдықтар қырық бас ірі қарасынан айрылған , деп хабарлайды ИнАктауКТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бір түйенің нарықтағы бағасы 700 мың теңге. Бүгінгі таңда келген шығын көлемі 28 миллион теңге жетіп отыр. Бұл тек ресми дерек қана. Күн көріп отырған малынан айрылған қарашаға әкімдіктегілер айқай-шу шығармау керектігін айтыпты.

"Ақтауға соңғы өлген жылқыларды жібердік. Егер құтырған болып шықса ғана вакцина саламыз дейді. Ал оған шейін өліп жатыр мал. Түйе көп өліп еді, енді жылқы өліп жатыр",- ауыл тұрғыны Бейсембі Бекмағамбетов .

Қауіпті індеттің негізгі белгілері өткен жылдың қыркүйек айында пайда болыпты. Ал, өлген мал саны 30-ға жуықтағанда ауылдықтар дабыл қаға бастаған. Олар тіпті өлген мал мен ұсталған қасқырдан сынама алып, Астанаға да жіберген. Ондағылар сараптама жасалған үш түйе мен жылқының және қасқырдың құтырғанын анықтапты. Мұндағы халық енді малды қойып, өздерінің өмірі үшін алаңдаулы, тіпті жаппай екпе алып жатыр. Шенеуніктерге сенсек, ауру малдан бірнеше рет сынама алынғанымен, құтыру дерті расталмапты. Тек соңғы зерттеулер арқылы ғана індеттің бар екені анықталып, іле-шала ауылда карантин жарияланған. Енді ауылдағы барлық жануарға вакцина егу жұмыстары басталмақ.

"Ауыл әкімшілігі тиісті шешім қабылдап, шектеу шарасы жөніндегі шешім шығарды. Бұл жөнінде енді тиісті малдар егілу керек. Ауру шыққан мал дезинфекциядан өту керек, адамдары дәрігерлік бақылаудан өту керек. Осы жөнінде шаралар жасақталып жатыр. Қазір біз енді аудандық ветеринарлық станциямен хабарласып отырмыз, олар енді егу жұмыстарын бастаймыз деп отыр",- Жармыш ауылдық аймағы әкімдігінің бас маманы Жаманқұл Әлиев.

Мамандардың айтуынша, құтыруға қарсы екпе аудандық ветеринарлық станцияға енді жетіпті. Ал, олар Жармыш ауылындағы 12 мың бас үй жануарын егуді бүгін-ертең бастамақ көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңғылды ауылының тұрғыны ауылдағы төрт түліктің 90% түрлі ауруларға қарсы екпе егілмегенін айтып, шағымданған болатын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#белгісізіндет #жылқытүйе #ауылкарантин #құтырудерті
Объявления
live comments feed...