• Главная
  • Ақтауда ҰОС ардагерлері коммуналдық төлемдерден босатылады
12:00, 15 февраля 2018 г.

Ақтауда ҰОС ардагерлері коммуналдық төлемдерден босатылады

фото из открытых источников

фото из открытых источников

Осы жылдың наурыз айында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерін коммуналдық төлемдерден босатып, оларды Қазақстан ішіндегі шипажайларға емделуге жолдама беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Ақтау қалалық мәслихатының шешімімен 29 жасқа дейінгі жетім балалар тұрғын үйді жалдау ақысынан босатылады, деп хабарлайды ИнАктау.

Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жүргізу секторының меңгерушісі Зарихан Бисенғалиеваның айтуынша, коммуналдық төлемдерден 22 ҰОС ардагерлері мен мүгедектері коммуналдық төлмедерден босатылады.

"Олардың төлем түбіртектері бізге келеді, содан кейін коммуналдық қызметтерді өзіміз төлейміз",-деп мәлімдеді Заряхан Бисенгалиева.

Сондай-ақ, 250 азамат – соғысқа қатысушылар және мүгедектер, оған теңестірілген тұлғалар, олардың жесірлері, соғыста қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасылары, тылда еңбек еткен әрі әскери міндетін өтеген азаматтарға республика ішіндегі шипажайда емделу үшін 14 күнге жолдама беріледі",- деді маман.

Жоғарыда аталған тұлғалар аталған әлеуметтік жолдаманы алу үшін баратын тұлғаның өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, мекенжай анықтамасы және санаторлық-курорттық картасы сынды бірқатар құжаттар жинаулары керек.

Сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі жетімдерді тұрғын үйді жалдау ақысынан босату жоспарланып отыр.

Олар аталған әлеуметтік көмекті алу үшін пәтер иесі тарапынан өтініш, жеке куәлік көшірмесі, жетім екенін куәландыратын құжаттың көшірмесі және мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан үйді жалға беру шартының көшірмесін ұсынуы қажет.

Қосымша ақпаратты: +7 (7292) 43-34-19 телефоны бойынша немесе Ақтау қаласы, 11 шағынаудан, №50 ғимарат, №104,110 кабинетке барып біле аласыздар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#шипажай #ардагерлер #жетімдер #жолдама
Объявления
live comments feed...