
16:01, 16 февраля 2018 г.
Маңғыстауда құтырма ауруының белгілері табылған екі аулаға шектеу қойылды

фото: из сети интернет
Маңғыстау облысында бес жануардан құтырма ауруы анықталып отыр. Бүгінгі таңда Жармыш ауылында құтырма індеті шыққан екі аулаға шектеу қойылды. Осыған байланысты жан-жануарларға тиісті залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін МО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мамандар мәлімдеді, деп хабарлайды ИнАктау.
Жармыш ауылында екі түйе, Қарақия ауданында бір түйе, бір жылқы және бір жабайы қасқырдың құтыру ауруымен ауырғаны анықталып отыр. Аурудың салдарын жою мақсатында – Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалу комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» ММ-нің мамандары жан-жануарларға вакцина егіп, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Сол үйдің адамдары, және осы үйдің адамдарымен қарым-қатынаста болғандардың бәрі құтырмаға қарсы егілді. 19 мүйізді ірі қараға, 814 мүйізді ұсақ малға, 78 түйеге, 19 жылқыға және үш итке құтыру ауруына қарсы екпе егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қарақия ауданындағы Бостан, Құланды, Құрық ауылдарда ауру шыққан жерлерде толықтай егу жұмыстары жүргізіледі. Бұл инфекциялық ауру түріне жатпайды. Сондықтан ешқандай қауіп жоқ. Лабораторялық тексерулердің қорытындысы бойынша аурудың жыртқыш аңдардан жұққаны белгілі болып отыр. Құтырма ауруы малға жабайы жануарлардан тістеу, қабу арқылы ғана жұғады. Ауру үй жануарларына жайылым аймағыннан жұққан деген жорамал бар",- деді Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің МО аумақтық инспекциясының басшысы Қуанышкерей Мырзатов.
Жармыш ауылындағы шектеу аурудың салдары жойылып, түбегейлі құтыру ауруы жойылғаннан кейін ғана алынады.
Мамандардың айтуынаша, облыста егу жұмыстарының жүргізу ауқымы қауіп қатердің мөлшеріне қарай жасалады. Осыған байланысты былтыр түйе малының 50 пайызына құтыру ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізілген.
"Биыл құтыру ауру ошақтары анықталған жерлерде егу жұмыстарын жаппай жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл туралы аудан және қала әкімдеріне тапсырмалар беріліп жатыр",- деді Маңғыстау облысының әкімі Бекмұрат Жүсіпов.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:24
17:56
Вчера
Объявления
11:55, 4 июля
live comments feed...