• Главная
  • Шетел азаматы бас бостандығынан айырылды
14:52, 19 февраля 2018 г.

Шетел азаматы бас бостандығынан айырылды

иллюстрация из открытых источников

иллюстрация из открытых источников

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі затын шекаралық бақылаудан жасырын алып өтпек болған Иран азаматын он алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды ИнАктау Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз кызметiне сілтеме жасап.

Иран азаматы кемемен Ақтау қаласы теңіз портына келіп, ҚР азаматына 348,22 грамм болатын есірткі затын сатпақ болады. Айлакер есірткіні шекаралық бақылаудан жасырын алып өпек болған жерден қолға түседі.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көлік прокуратурасымен бірге қылмыстың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабының 4-бөлігімен, 297-баптың 3-бөлігінің 3-тармағымен Иран Ислам Республикасының азаматы Ф.-ға және Қазақстан Республикасының азаматы С.-ға қатысты қылмыстық іске қатысты ашық сот отырысын өткізді.Сот отырысына Ақтау теңізінің солтүстік терминалы жұмысшылары қатысты.

"Сот үкімімен жоғарыда көрсетілген баптар бойынша сотталушы Ф. кінәлі деп танылып, оған 16 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы және сотталушы С-ға 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ",- деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#есірткі #сату #шекара #қылмыс
Объявления
live comments feed...