• Главная
  • Ақтауда ұлттық киімдер көрмесі өтті (ФОТО)
11:38, 28 февраля 2018 г.

Ақтауда ұлттық киімдер көрмесі өтті (ФОТО)

фото: ИнАктау

фото: ИнАктау

Маңғыстау  облысының тарихи өлкентану мұражайында  қазақы ұлттық киімдер көрмесі өтті. "Ұрпаққа мирас-ұлттық киім" атты шарада қыз-келіншектердің ХIХ-ХХ ғасырда киген көне көйлектерімен бірге ою-өрнектермен әшекейленген заманауи үлгілер де көрсетілді, деп хабарлайды ИнАктау.

Бұлар - халқымыздың байырғы ұлттық киімдері. Әрқайсының өздіндік орны мен ерекшеліктері бар. Жас қыздар мен бойжеткендерге, келіншектер мен әжелерге арналған үлгілер бір-бірінен өзгеше. Қазақтың ұлттық киімдерін көруге келген өзге ұлт өкілдері таңқалғандарын жасыра алмады.

"Мен қазақтың ұлттық киімдері көрмесіне бірінші реп келіп тұрмын. Қазақ киімдері әйелдің мүсінін айқындап, сұлулығын ашады екен. Әсіресе, кеудешелер қатты ұнады. Әр ұлттың ұлттық киімдері бар. Осы құндылықтарымызды жоғалтып алмай, заман талабына сай етіп жаңғыртып отыруымыз керек", - деді көрме қонағы Голубова Валерия.

Ертеде көшпелі қазақтар киетін киімдерін күнделікті тұрмысқа ыңғайлы етіп тіккен. Қыз балаға - қызыл, келіншектерге - алқызыл, ал жасы үлкен әжелерімізге - жасыл, көк, қоңыр түсті маталармен киімдер тігілген. Көздің жауын алатын қазақы көйлектер қазіргі заманда да үлкен сұранысқа ие

"Қазір жастар арасында тойға дәстүрлі киімдер кию сәнге айналды. Демек салтымызға қайта оралып жатырмыз. Сондықтан біз ескі мен жаңаны ұстастырып отыруымыз керек.  Бүгінгі көрменің мақсаты өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақтың ұлттық киімдеріннің ерекшелігін ел санасына жеткізу", - деді Маңғыстау  облысының тарихи өлкентану мұражайының директоры Тамара Жұмалиева.

Көрмеге сегіз түрлі қазақы ұлттық киімдердің түпнұсқасы мен жаңғыртпасы қойылды.

"Соңғы уақытта музейіміздің қоры толығып жатыр. Сержан Шакрат, Роза Айдарбаева, Жеткізген Сейтов сияқты атақты жырау, күйшілер киімдерін тапсыруды үрдіске айналдырып жатыр. Музейде 50-ге жуық қазақы ұлттық киімдер бар. Олардың барлығын музейге қарапайым халық өткізген",- деді музей маманы Нұршат Қалкенбаева.

Енді мұражай қызметкерлері сәнгерлермен бірігіп, қазақтың ұлттық киім үлгілерін дәріптеу үшін мұндай көрмелерді жиі өткізбекші.  

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#көрме #ұлттықкиім #жаңғыртпа #дәріптеу #сән
Объявления
live comments feed...