• Главная
  • Маңғыстауда автобустардың санитарлық жағдайы сын көтермейді
21:05, 28 февраля 2018 г.

Маңғыстауда автобустардың санитарлық жағдайы сын көтермейді

фото ИнАктау

фото ИнАктау

Осылай деп ауыл тұрғындары дабыл қағып отыр. Ақтау қаласынан Қызылтөбе-2 ауылына қатынайтын автобустар ескірген, техникалық талаптарға сай келмейді. Тіпті, жолаушы тасымалдаушылар санитарлық талаптарды сақтамайды. Жүргізушілер артық пайда табу үшін жылдамдықты шамадан тыс асырып, ережені де өрескел бұзады, деп хабарлайды ИнАктау.

Қызлтөбе -2 ауылының тұрғыны Ердос Күнтубектің айтуынша, қала мен ауыл арасына қатынайтын "Ақтау-Қызылтөбе-2" ПАЗ автобусының әбден тозығы жетен. Сыртының тазалығы былай тұрсын, ішіндегі лай мен шаңнан адамның тыныс алуы мүмкін емес. Кейде сыйымдылығы 40 адамдық автобусқа 70 адамды мінгізіп алады да, бағыттас  автобустармен жарысатын көрінеді.

"Ет комбинатының алдында автокөлікпен соқтығысып қала жаздады. Одан кейін Ақтау –Қызылтөбе» бағытына жүретін автобуспен жарыса бастады. Екеуі де Татьяна мен Сары базар арасында бір жолмен жүреді екен. Сол екі арада кім бірінші келсе, сол көп жолаушыны мінгізеді. Іші адамға толған автобус қатты жүргенде едендегі топырақ төбеге бірақ көтеріледі, дем алуыңыз қиындайды. Бізге ауыл мен қаланың арасына қатынайтын автобус сапасының артқаны керек: - автобустардың кешкі уақытта ауылдан қалаға қатынау уақытын жиілетсе; - ескірген, техникалық талаптарға сай келмейтін автобустарды жаңа, жайлы автобустарға алмастырса; -  InfoBus қосымшасы енгізілсе; -жүргізушілер мен кондукторларға бірыңғай киімдер берілсе",-дейді Қызылтөбе-2 ауылының тұрғыны Ердос Күнтубек.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жоғарыда аталған мәсеелеге байланысты бірер аптадан кейін мәлімдеме жасайтынын хабарлады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#автобус #санитарлық #техникалық #талап #ауыл
Объявления
live comments feed...